
Жаңадан бастаушыларға арналған нумизматика
PROOF пен UNC айырмасы: KOKBORI мысалында
Сол жақта — PROOF сапасындағы KOKBORI 2023, оң жақта — сол монетаның UNC нұсқасы. Екеуі де 999,9 сынамалы күмістен соғылған, массасы 31,10 г, номиналы 1...


Бұл естелік монетаның безендірілуінде Жетісудағы Жалаулы қорымынан табылған және б.з.д. V-III ғасырларға жататын бұғы бейнесіндегі көне алтын жапсырмалардың өрнек-мотивтері пайдаланылған. Бұл олжалар көшпелі халықтар өнерінің жарқын үлгісі болып саналады, оған айқын пластика, сұлбаға ерекше мән беру және жануарлар бейнелерінің өзіндік символикасы тән. Бұғы тұлғасы дала көркемдік дәстүрінде маңызды орын алған, ол күш, қозғалыс және адамның табиғатпен байланысы туралы түсініктермен сабақтастырылған. Номиналы 500 ₸ монета 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,10 г. Оның композициясы Қазақстанның көне зергерлік мұрасының эстетикасын жеткізіп, Ұлы дала ерте мәдениетінің бейнелерін сақтаған археологиялық ескерткіштердің құндылығын айқындай түседі.