Бұл монета «Көшпенділердің киелі жануарлары – тотемдері» сериясын жалғастырады және дала халықтарының рухани мәдениетінде ерекше орын алған бұғы бейнесіне арналған. Ежелгі көшпенділердің түсінігінде бұғы ру тегінің бастауымен, тіршіліктің жаңаруымен және ұрпақтар сабақтастығымен байланыстырылған. Прототүркілердің бейнелік жүйесінде ол арғы ата және киелі қамқоршы ретінде қабылданған. Көркемдік шешім жануарды шынайы бейнелеу мен сақтардың аң стиліне меңзейтін сәндік стильдеуді ұштастыруға негізделген. Мұндай тәсіл бұғының табиғи сымбатын ғана емес, дәстүрлі дүниетанымдағы символдық мәнін де айқындай түседі. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған, номиналы 5000 теңге, салмағы 777,50 г.