Казахстан
Жігітке сыйлық: Қазақстан монеталары — күміс пен алтын
Жігітке сыйлық: Қазақстан монеталары — күміс пен алтын Ерекше бір нәрсе сыйлағың келсе — тағы бір гаджет те, киім де, дүкен сертификаты да емес — бағалы мета...


Номиналы 500 теңгелік күміс монета «Тілашар» рәсіміне арналған және «Қазақстанның салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады. Бұл дәстүр қазақ мәдениетінде ерекше орын алады: бұрын ол бала алғашқы сөздерін айта бастағаннан кейін өткізілсе, бүгінде білімге бет бұрудың және оқудың басталуының нышаны ретінде қабылданады. Аверсінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, айнала жиегінде ел атауы, төменгі бөлігінде номиналы көрсетілген. Реверсінде баланың оқу әлеміне жасаған алғашқы қадамдары идеясын жеткізетін балалар суреттері мен мектеп атрибуттары элементтерінен құралған композиция берілген. Сондай-ақ сыртқы бетінде металдың түрі, 24 г салмағы және шығарылған жылы көрсетілген. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған.