Ұлттық банк AQYQ күміс тиынын шығарады

1 минута

Қазақстан Ұлттық банкі «Сиқырлы нышандар» сериясынан «AQYQ» коллекциялық монетасын шығарады. Ұлттық банктің интернет-дүкеніндегі сатылым 2026 жылғы 27 қазанда басталады.

Монетаның атауы қазақтың «ақық» сөзіне байланысты қойылған. Бұл атау әшекейлер мен сәндік бұйымдарда қолданылатын халцедон тобына жататын жартылай бағалы тастарды білдіреді.

Монетаның дизайнында дәстүрлі қазақ зергерлік өнерінің элементтері қолданылған: зерлеу, сыртқы бетіндегі ою-өрнек және ақық таспен безендіру. Монетаның жоғарғы бөлігінде шынжыр не бау тағуға арналған тесік бар, сондықтан оны әшекей ретінде тағуға болады.

Монета 925 сынамалы күмістен жасалған және ақық таспен көмкерілген. Салмағы — 20 грамм, диаметрі — 33 мм, номиналы — 1 000 теңге. Дайындау сапасы «antique silver» деп көрсетілген. Таралымы 5 000 дана болады.

Ұлттық банкте мұндай монеталар ел аумағында номиналы бойынша міндетті түрде қабылдануға тиіс екенін еске салды. Оларды төлем жасауға, банк шоттарына есепке алуға, сондай-ақ банктерде айырбастауға және ұсақтауға болады.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Монетаның суреті

AQYQ» коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы (PR-20498) · 1

Қазақстан Ұлттық Банкінің материалдары бойынша