Қазақстан Ұлттық банкі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монетасын шығарады. Монета Ұлттық банктің интернет-дүкеніне 2026 жылғы 2 қыркүйекте сатылымға түседі.
Монетаның дизайны «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының желісі бойынша жасалған. Бұл — махаббат пен адалдық туралы баяндайтын қазақ фольклорындағы ең танымал туындылардың бірі.
Монета МН 25 мельхиорынан тампобаспа технологиясымен жасалған. Оның салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңге. Соғылу сапасы — brilliant uncirculated, таралымы — 7 мың дана.
Монеталар Қазақстан теңге сарайында соғылған.
Ұлттық банк өкілдері коллекциялық монеталармен Қазақстанның бүкіл аумағында номиналы бойынша төлем жасауға болатынын еске салды. Оларды банк шоттарына аударуға, аударым жасауға, ұсақтауға және елдегі барлық банктерде айырбастауға да болады.
Монетаның суреті
Қазақстан Ұлттық Банкінің материалдары бойынша

