Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Көрнекті оқиғалар мен тұлғалар» сериясы аясында шығарылған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» коллекциялық күміс монетасының сатылымы басталатынын хабарлады. Жаңа монетаны Ұлттық Банктің интернет-дүкенінен 2026 жылғы 10 шілдеден бастап сатып алуға болады.
Бұл шығарылым Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына арналған. Мерейтой 2026 жылғы 30 қаңтарда атап өтіледі. Парламент – еліміздің заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы.

Монетаның сыртқы бетінде (реверсінде) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі ғимараттарының бейнесі орналасқан. Композиция Парламенттің мәжіліс залының орталық бөлігіндегі еден өрнегінің элементтерімен толықтырылған. Монетаның төменгі бөлігінде Парламенттің құрылған жылы мен мерейтойлық дата көрсетілген.
Монета 925 сынамалы күмістен алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалған. Оның массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындалу сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге. Жалпы таралымы 1000 дана.