
Жаңадан бастаушыларға арналған нумизматика
PROOF пен UNC айырмасы: KOKBORI мысалында
Сол жақта — PROOF сапасындағы KOKBORI 2023, оң жақта — сол монетаның UNC нұсқасы. Екеуі де 999,9 сынамалы күмістен соғылған, массасы 31,10 г, номиналы 1...


2025 жылы соғылған, номиналы 1000 ₸, массасы 31,10 г күміс монета грифон бейнесіне арналған. Еуразия көшпелі халықтарының түсінігінде грифон арыстан мен қыранның белгілерін біріктіретін мифологиялық кейіпкер болған. Бұл бейне жердегі қуат пен аспан күшінің бірлігін білдіріп, қорғаныштың, жауынгерлік ерліктің және биліктің нышаны ретінде қабылданған. Көшпелілердің дәстүрлі мәдениетінде грифон киелі құндылықтардың сақтаушысы әрі күн қуатының иесі ретінде маңызды орын алған. Оның бейнесі дала халықтары өнеріне тән аң стилінде кеңінен таралған. Грифон мүсіндері қару-жарақты, ат әбзелдерін, алтын бұйымдарды және ғұрыптық заттарды безендіруде қолданылып, көбіне тотемдік мәнге ие болған. 925 сынамалы күмістен жасалған бұл монета заманауи нумизматика мен көшпелі өркениеттің ежелгі мифологиялық түсініктері және көркем мұрасы арасындағы байланысты бейнелейді.