
Жаңадан бастаушыларға арналған нумизматика
Монеталардағы PROOF және UNC деген не
Монета сипаттамасындағы PROOF пен UNC әртүрлі нәрсені түсіндіреді. PROOF — арнайы соғылу тәсілі. UNC көбіне монетаның айналыста болмағанын білдіреді. Екеуі...


Монетаның безендірілуінде Қазақстанның халықаралық World Painting арт-жобасының фрагменті пайдаланылған. Композицияда Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіков салған бейбітшілік көгершіні мен Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші Дәурен Қастеев орындаған зәйтүн бұтағы біріктірілген.
World Painting жобасы – әртүрлі елдерден қатысушылар жасаған бөліктерден құрастырылған үлкен мозаикалық кенеп. Ол қылқаламды бір-біріне ең көп адам табыстап, бірлесіп жасаған туынды ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Кенепті жасауға 200-ге жуық елден 2070 адам қатысты.
Номиналы 2000 ₸ монета 925 сынамалы күмістен соғылған, салмағы 62.20 г. Оның көркемдік идеясы ұлтына, дініне және тұрғылықты жеріне қарамастан адамдардың келісімге, өзара түсіністікке және бейбітшілікке ұмтылысын айқындайды.