
Жаңадан бастаушыларға арналған нумизматика
PROOF пен UNC айырмасы: KOKBORI мысалында
Сол жақта — PROOF сапасындағы KOKBORI 2023, оң жақта — сол монетаның UNC нұсқасы. Екеуі де 999,9 сынамалы күмістен соғылған, массасы 31,10 г, номиналы 1...


Наркобызға арналған, номиналы 500 ₸, салмағы 24 грамм күміс монета қазақтың музыкалық дәстүріндегі ең көне ысқылы аспаптардың бірі — наркобызға арналған. Наркобыз дала мәдениетінде айрықша орын алады және ол тек орындаушылық өнермен ғана емес, халықтың рухани таным-түсінігімен де тығыз байланысты. Ертеректе оны бақсылар емшілік пен киелі білім иелері ретінде салт-жоралар мен рәсімдер кезінде пайдаланған. Аңыз бойынша, бұл аспаптың жасалуы түркі әлемі тарихында маңызды орын алатын аңызға айналған ойшыл, жырау әрі күйші Қорқыт ата есімімен байланысты. 925 сынамалы күмістен соғылған бұл монета наркобыздың көне музыкалық жадтың, халықтық наным-сенімдердің және Қазақстанның мәдени дәстүрлерінің сабақтастығының символы ретіндегі мәнін бейнелейді.