
Жаңадан бастаушыларға арналған нумизматика
PROOF пен UNC айырмасы: KOKBORI мысалында
Сол жақта — PROOF сапасындағы KOKBORI 2023, оң жақта — сол монетаның UNC нұсқасы. Екеуі де 999,9 сынамалы күмістен соғылған, массасы 31,10 г, номиналы 1...


Номиналы 500 ₸, салмағы 29.50 г күміс монета Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорында сақталған, Тобыл ойшылы деген атпен белгілі әйгілі тас антропоморфты мүсінге арналған. Бұл археологиялық ескерткіш орманды-дала Азиясындағы отырған кейіптегі антропоморфты мүсіндер тобына жатады және Еуразияның ежелгі мәдениеттерін зерттеу үшін айрықша маңызға ие. Мүсін 1976 жылы Қостанай маңынан табылған және б.з.д. III ғасырдың соңы – II ғасырдың басымен мерзімделеді. Монетада таңдалған бейне қазіргі Қазақстанның терең тарихи мұрасымен сабақтастығын айқындайды және дала өңірін ежелден мекендеген халықтардың рухани әлемі мен көркемдік дәстүрлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін сирек олжалардың құндылығын көрсетеді.