Қазақстан Ұлттық банкі «Конституция» монетасын шығарады

1 минута

Қазақстан Ұлттық банкі «Айрықша оқиғалар мен адамдар» сериясынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» атты коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылым 2026 жылғы 19 тамызда басталады.

Ұлттық банктің мәліметінше, монета Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған.

Монета 925 сынамалы күмістен алтын жалатылып және интерференциялық кемпірқосақ жабынымен жасалған. Салмағы — 31,1 грамм, өлшемі — 35 × 45 мм, дайындалу сапасы — proof, номиналы — 1 000 теңге. Таралымы 1 000 дана болады.

Коллекциялық монета Қазақстанның бүкіл аумағында атаулы құны бойынша қабылдауға міндетті. Оны сондай-ақ банк шоттарына есепке алуға және банк операцияларында пайдалануға болады.

Монета Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Монетаның суреті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы (PR-20098) · 1

Қазақстан Ұлттық Банкінің материалдары бойынша

Материалдағы монеталар