«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» монетасы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған елдің Ата Заңына арналған. Бұл шығарылым Қазақстан Республикасының құқықтық негізінің жаңартылуына байланысты маңызды мемлекеттік оқиғаны айшықтайды.
Жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді және елдің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдірді. Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған естелік монета бұл шешімнің мемлекеттің және оның құқықтық жүйесінің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын айқындайды.