
Жаңадан бастаушыларға арналған нумизматика
PROOF пен UNC айырмасы: KOKBORI мысалында
Сол жақта — PROOF сапасындағы KOKBORI 2023, оң жақта — сол монетаның UNC нұсқасы. Екеуі де 999,9 сынамалы күмістен соғылған, массасы 31,10 г, номиналы 1...


ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ атаулы 1000 ₸ естелік монетасы Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлығына деген терең құрмет белгісі ретінде Қазақстанда шығарылды. Оның шығарылымы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды және соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтауға, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған, салмағы 31,10 г. Безендірілуінде қаза тапқан батырларды өшпес естелікпен ұлықтаудың символы ретінде мәңгілік алау бейнесі қолданылған. 80 санының ішіне енгізілген өрнек Жеңіс лентасына меңзейді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының нақыштарымен үндесіп, тарихи ерліктің ұлттық жадымен және елдің мәдени мұрасымен сабақтастығын айқындай түседі.