Идеи подарков
Әкеге не сыйлауға болады: ол мақтанатын Қазақстан монеталары
Әкеге не сыйлауға болады: ол мақтанатын Қазақстан монеталары Галстукты әке сыпайылықпен алып, шкафқа тығып қояды. Монета — қонақ келгенде шығарып, сөреге қоя...


Естелік монета Жошы ханға — Шыңғыс ханның үлкен ұлына және тарихта Алтын Орда деген атпен кеңінен танылған Жошы ұлысының негізін қалаушыға арналған. Оның есімі Ұлы даланың саяси кеңістігінің қалыптасуындағы маңызды кезеңмен байланысты. Қазіргі Ұлытау облысының аумағында Жошы хан кесенесі орналасқан, ол Қазақстанның маңызды тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі және өңірдің ортағасырлық тарихының белгілі айғақтарының бірі болып саналады. Безендірілуінде қазақстандық мүсінші әрі монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов жасаған Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Теріс беті Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан құралған көркем коллажбен толықтырылған, бұл тарихи сабақтастықты және дала мемлекеттілігі мұрасымен символдық байланысты айқындай түседі. Монетаның номиналы — 1000 теңге, ол 925 сынамалы күмістен дайындалған, салмағы 31,10 г.