Номиналы 5000 теңге, салмағы 1000 г күміс монета киіз үйге — қазақ даласының дәстүрлі мәдениетіндегі ең маңызды нышандардың біріне арналған. Көркемдік тұжырымдама киіз үйді көшпелілердің тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы және адамның қоршаған ортамен байланысы көрініс тапқан ерекше кеңістік ретінде бейнелейді. Тұрғын үйдің бұл түрі ғасырлар бойы отбасылық және қоғамдық өмірдің орталығы ретіндегі маңызын сақтап, практикалықты, үйлесімділікті және терең мәдени мәнді біріктіріп келді. Реверсте киіз үйдің өзі, оның ішкі жабдықтарының элементтері, сондай-ақ көшпелі халықтардың этномәдени ортасына қатысты стильдендірілген тұрмыстық бұйымдар бейнеленген. Композицияны шығарылымның ұлттық сипатын айқындайтын KIIZ UI деген жазу толықтырады.